arasha.kz

ҚазҰУ студенттері ТДМ-11 мақсаттарын талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы студенттері БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі – “11-мақсат: Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар” тақырыбында маңызды талқылау өткізді. 
Бұл іс-шара университеттің тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруға қосқан кезекті қадамы болды.Бұл мақсатта қалаларды инклюзивті, қауіпсіз, икемді және тұрақты етуге бағытталған. Қазақстан сияқты урбанизация деңгейі қарқынды дамып келе жатқан елдер үшін бұл мақсат ерекше өзекті. Талқылау барысында студенттер қалалардың экологиялық проблемалары, инфрақұрылымның қолжетімділігі, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.Бұл талқылаудың басты мақсаты – студенттерді тұрақты даму мақсаттарының негізгі бағыттарымен таныстыру және олардың тұрақты дамуға қосар үлесін анықтау. Сонымен қатар, болашақ көшбасшылар ретінде студенттердің ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау арқылы нақты шешімдер әзірлеу.Шара барысында студенттер ұсыныстарын айтып,ойларымен бөлісті:

•Эко-қалалар концепциясын дамыту: Жасыл аумақтарды ұлғайту, көпқабатты үйлердің шатырларына күн панельдерін орнату.
•Қоғамдық көлікті дамыту: Электр автобустар мен велосипед жолдарын енгізу.
•Қалдықтарды басқару: Қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдану және азаматтарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
•Қолжетімді тұрғын үй: Орта және төмен табысты отбасылар үшін қолжетімді әрі экологиялық таза үйлер салу. Әлемде миллиондаған адам әлі күнге дейін лайықты тұрғын үйсіз өмір сүруде, олардың көпшілігі лашық аудандарында тұрады.Қоғамдық көлікті жетілдіру, экологиялық таза көлік түрлерін дамыту және қалалардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Қалаларда ауа сапасын жақсарту, қоқыс өңдеу жүйесін жетілдіру және энергияны тиімді пайдалану тұрақты дамудың ажырамас бөлігі.Қалалардың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.Қалалардың табиғи апаттарға бейімделуін күшейту және климаттың өзгерісіне төтеп беретін инфрақұрылым құру маңызды.
Кафедра студенттері өткізген бұл талқылау ТДМ-11 мақсаттарына жету жолында жаңа идеялар мен бастамалардың маңызды алаңына айналды. Іс-шара тек теориялық біліммен шектелмей, нақты жобалар мен шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік берді.Студенттер өз пікірлері мен ұсыныстарын жергілікті билік органдарына, сондай-ақ ҚазҰУ-дың тұрақты даму жөніндегі бастамаларына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл талқылау – жас ұрпақтың елдің тұрақты дамуына қосқан нақты үлесінің айқын мысалы.
Базилова Айгуль Абаевна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
Танирхан Қ.Е.
Дуйсебаев Е.Е.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің 4 курс студенттері

Exit mobile version