arasha.kz

Қырғыз үкіметін орыс басқаратын болды

Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқару вице-премьер Артем Новиковқа жүктелді. Кадрлық өзгеріс Конституцияның 19-шы бабына сәйкес жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, елдегі дүрбелеңнен кейін үкіметті басқарған Садыр Жапаров президент сайлауының нәтижесі анықталғанша қызметінен кетті. Ол 2021-ші жылдың 10-шы қаңтарында өтетін Қырғызстан президентінің сайлауына қатысу үшін құжаттарын тапсырды. Сол уақытқа дейін президенттің міндетін Талант Мамытов атқаратын болады.  

Exit mobile version