Қырғызстан сарапшылары ел Конституциясының жаңа жобасын жасап жатыр. Құжат әзір болғаннан кейін тікелей эфирде парламентте талқыланбақ. Конституциялық реформа қоғам белсенділері мен саяси күштердің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров баспасөз мәслихатында осылай деді.
«Менің білуімше бір мандатты округ бойынша 35 мандат және партиялық тізім бойынша 55 мандат нормасын енгізу ұсынылды. Мен парламент Конституцияға енгізілетін өзгерістерді тікелей эфирде талқыласын деген бастама көтердім. Барлығы ашық болуы тиіс», – деді Жапаров. Премьер-министр сонымен бірге елде президент өкілеттігінің күшейтілмейтінін айтты. «Диктатура келеді деп қорқудың қажеті жоқ. Халық диктатураға жол бермейді. Менің ондай ойым болған емес. Біздің елде диктатураға қарсы екі революция болды», – деді Жапаров.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024