Қырғызстанда наразылық білдірушілер алтын кенін өндіретін кәсіпорындарды тонап жатыр. Бұл жайында зардап шеккен компанияның өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлауда. Осы уақытқа дейін елдің аймақтарындағы Джеруй, Джамгыр, Терексай, Кичи-Чаарат фабрикаларына шабуыл жасалған. Мәселен, Талас облысындағы алтын кенін өндіретін Джеруй кәсіпорнында белгісіз біреулер қойманы тонап, ғимаратты өртеп жіберген.