Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 12-16 мамыр аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Смағұлов Марат Амажолұлы — Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог, Тусупбеков Жаркын Амантаевич – Қарағанды техникалық университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқутышысы,мәдениеттанушы, Ботақараев Бауыржан — «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқутышысы, Phd доктор, Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы —Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшы орынбасары, психолог, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Балқаш қаласы, Приозерск қаласы, сондай-ақ Абай, Ақтоғай аудандары және Қарағанды ауылдық округі, Юбилейное ауылында болды. Олар халық арасында Қазақстанда өмір сүретін барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт қатар өмір сүруі мен әрекеттесуіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыру және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жазасын өтеушілер, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары және т.б. топтар қамтылды.