Астанада жеке үйдегі өрттен мерт болған кәмелет жасына толмаған бес баланы жерледі. Аязды күні Көктал-1 шағын ауданында далада өткен қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Негізінен қарапайым тұрғындар қатысқан азалы шарада ресми тұлғалардан ешкім байқалмады.
Өрт салдарынан ажал құшқан бір отбасындағы бес қыз баланың жаназасы шығарылғаннан кейін оларды қала маңындағы зиратқа жерлеуге алып кетті.
Қазақстандық басылымдар ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Астанада жеке үйдегі өрттен бес баласынан айырылған отбасыға қайғысына ортақтасып көңіл айтқаны туралы хабарлады.
4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы ажал құшқан.
Өрттен соң Астана әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізіп, аудан әкімдерінен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дереу қаладағы жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды және әр үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді талап еткен.
Дереккөз: azattyq.org
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024