Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов мәжілістің су жаңа депутаттарына видео үндеу жолдады. Ол халық «қалаулыларына» әліппені қайта оқытудың артық болмайтынын айтты.
«Бар болғаны 4-5 сөйлемнен тұратын осы кішігірім мәтінді бүгін елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деген депутаттарымыз ант беру рәсімінде дал-дұлын шығарып, «каша» қылып жібердіңіздер, құрметті депутаттар!», – дейді ол.
Салтанатты шарадағы ант оқу кезінде қайталап қателіктер жіберген депутаттар желіде қызу талқыда.
«Депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыра ма, әліппені қайта өту керек пе? Мен түсінбедім. Өйткені ант беру рәсімінде-ақ сіздер ант бұзып тұрсыздар. Халықтың тілінде сөйлей алмайсыздар. Аяқ астынан сөйле деп қалса, түсінемін. Адам сасып қалуы мүмкін. Бірақ сіздерге ертең, осындай жерде ант беру рәсімі өтеді деп айтатын мәтіндеріңізге дейін алдын ала берді. Мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей, халықтың көзіне қарап, шын жүректен ант беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін ұялу керексіздер»,- дейді ол.
Ант беру мәтінін бірнеше рет оқып, трибунаға жүгіріп шыққандар әп-сәтте желі жұлдызына айналды.
«Сөз қадірі- өз қадірің» араторлық курсында сахна мәдениеті дегенді айттық. Сахнаға шығу әдебін студенттерге талдап түсіндіруге тырысқанбыз. Сахнаға жүгіріп шығу, жүгіріп кету- қорқып тұрған адамның психологиясынан туындайтын іс әрекет. Тез кетіп қалайын, мына жерге мен лайық емеспін деген ойдан пайда болады»,- дейді ол.
Сонымен қатар, айтыскер ақын видео үндеуде сайлауға бармағанын да айтып кеткен.
«Қазақстан Республикасы халқының алдында, бала шағам мен болашағымның алдында мұндай депутаттарға бұдан кейін дауыс бермеуге, ант етемін. Мен осы жолы да сіздерге дауыс берген жоқпын»,- дейді ол.
Естеріңізге салсақ, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Паламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұр Отан” партиясы 76 мандатқа ие болды. Мәжіліске өтетін жеті пайыздық межеден асқан “Ақ жол” партиясына мәжілістен 12, Қазақстанның халық партиясына он орын тиді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024