Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
720 рет қаралған
Кадрлық камбэк: АШМ-дағы жаңа комитет басшысы Қаныбеков деген кім?.
Кадрлық камбэк: АШМ-дағы жаңа комитет басшысы Қаныбеков деген кім?

Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл ақпаратты ресми дереккөздер растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сәкен Қаныбеков кім?

Сәкен Қаныбеков ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар басқарушы. Ол еңбек жолын Алматы облысы, Талғар ауданындағы Мичурин атындағы колхозда бастаған. Түркістан облысы, Төле би ауданының тумасы. Жоғары білім бойынша «көкөніс-жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы» маманы сондай-ақ экономист мамандығында игерген.

Мансап жолында «НИМЭКС» корпорациясында жұмыс істеп, ауылдық округ пен аудан деңгейіндегі әкім, Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» басшысы, ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі сынды лауазымдарды атқарған.

Қуатты Қаныбековтер әулеті

Сәкен Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбековтің әкесі. Оның інісі Нұрлан Қаныбеков — Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің қатарына енген. Оның меншігінде «Саутс Ойл» ЖШС-нің 39,17% үлесі, «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясы, «Petro Asia» және «Нимэкс-Транс» логистикалық компаниясы бар.

Бұл жағдай Қаныбековтер әулетінің саясат, агросектор мен ірі бизнеске ықпал етіп отырғанын көрсетеді. Сәкен Қаныбековтің комитет басшысы болып қайта тағайындалуы — АШМ-дегі ескі гвардияның қайта шоғырлануы ретінде қабылданады.

Даулы өткен шақ

Айта кету керек, 2012 жылы Сәкен Қаныбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүргенде, ВИЧ жұқтырған азаматтарға қатысты жағымсыз пікір білдіріп, олар «топқа сіңіп, көзге түспеуі керек» деген мәлімдемесімен қоғамда үлкен резонанс тудырған. Ол сондай-ақ «СПИД-ке қарсы балаларды қорғайық» қорының басшысы Жаннета Жазықбаеваға қарсы шығып, БАҚ пен құқық қорғаушыларды сынға алған. Бұл жағдай оның мансабына кері әсер етпеген.

Бұл тағайындау нені білдіреді?

Агросекторда реформалар жүріп жатқан тұста тәжірибелі кадрдың қайтып оралуы ықпал мен өкілеттіліктің бұрынғы элиталарға қайта берілуін білдіруі мүмкін. Сынақтан өткен жүйе, қалыптасқан байланыстар мен тұрақты ықпал Сәкен Қаныбековтің қайтып келуін түсіндіретін негізгі факторлар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.