71- халықаралық Канн кинофестивалінде үздік әйелі ролі аталымын иеленген актриса Самал Есләмоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Туған жеріне барған актрисаны облыс әкімі қабылдап, арнайы құттықтаған.
Сондай-ақ, кездесуге Самалдың ата-анасы Iлияс және Гүлмайра Есләмовтер, Самалдың алғашқы сынып жетекшiсi Зухра Абуқызы және Самал жұмыс iстеген Сәбит Мұқанов атындағы сазды-драма театрының актерлерi, сондай-ақ өнер колледжiнiң оқытушылары мен студенттерi қатысыпты.