09-10-18 |
4900 рет қаралған
Самал Есләмова Антальядағы кинофестивальда «Үздік актриса» атанды.
Самал Есләмова Антальядағы кинофестивальда «Үздік актриса» атанды

Антальядағы 55-ші халықаралық кинофестивальда режиссер Сергей Дворцевойдың  «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған қазақ актрисасы Самал Есләмова «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды arasha.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Ал «Үздік актер» ретінде фестиваль қазылары Заин аль-Рафені танып отыр. Ол «Капернаум» фильмінде рөл сомдаған. «Үздік фильм» номинациясын ирандық режиссер Джафар Панахидің «Three Faces» фильмі жеңіп алды. Жапон режиссеры Хирокадзу Корээда «Үздік режиссер» атанды. Жапон фильмі «Дүкен ұрылары» (Shoplifters) деп аталады.

Америкалық актер Эрик Робертсқа «Арнайы марапат» табысталды. Кештегі өз сөзінде ол фестивальға қатысу өзі үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді.

Биыл кинофестивальға 10 фильм қатысқан, олардың ішінде екеуі түрік режиссерларынікі екен. Байқауға қатысқан фильмдерді 34 мың көрермен тамашалапты. Фестиваль 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтіп отыр.

Еске салсақ, Самал Есләмова ойнаған «Айка» фильмі қыркүйекте Алматы кинофестивалінде көрсетілген еді. Фильм бұған дейін «Канн» кинофестиваліне қатысып, Самал Есләмова тағы да «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алған.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.