Досым Сәтпаев, саясаттанушы
Инстаграмдағы dsatpayev парақшасынан алынды
«Қырғызстанның төртінші президенті (бәлкім бесінші, өтпелі кезеңде президент болған Роза Отунбаеваны қоссақ) өз еркімен отставкаға кетуі үшін алдыңғы екеуін елден қууға, тағы біреуін түрмеге қамау керек болды. Осыдан кейін жоғарыдағылар халықтан қорқып, өз беделін ойлай бастайды. Ал бұқара билікті сакралды, президентті дербес құқықты тұлға деп санамайды. Алдыңғы революцияларды қорытындылайтын болсақ қырғыз қоғамы мен президенттік билігінің саяси эволюциясы осылай өрбіді. Елдің әлі де талай сын-қатермен бетпе-бет келетіні түсінікті. Бірақ біздің саяси батпаққа батқан бір орындағы жүрісімізге қарағанда осындай қозғалыстың болғаны жақсырақ. Мүмкін біреулер олардың бейберекетіне қарағанда, біздің батпақтағы тұрақтылықты қалар. Бірақ кез-келген тоқыраудың түбі әлеуметтік жарылысқа алып келеді. Сондықтан саяси балшық бықсыған отқа айналмай тұрғанда оны косметикалық емес, шынайы реформалар арқылы құрғату қажет»
Фото azattyq.org