arasha.kz

Сарапшылардың сайлауға қатысты пікірі қандай?

Қазбек Бейсебаев, экс-дипломат, саясаттанушы:

«Міне, парламент сайлауы өтетін күн жарияланды. 10-шы қаңтарда болмақ. Бұл азаматтарымыздың билікке деген көзқарасын білдіретін жалғыз ғана шынайы мүмкіндік. Бір партияның ұзақ жылғы монополиялық басқаруы кезінде азаматтардың билікке қоятын сұрақтары мен шағымдары қордаланып қалды. Осының бәрін сайлауда айтайық. Ауылдан бастап облысқа дейінгі барлық әкімдердің «Нұр Отан» мүшелері екенін естеріңізге салайын. Мәслихаттар да «Нұр Отан»-ның құрамында. Егер біз өз ауылымызда, ауданымызда, қаламызда немесе облысымызда өзгерістің болғанын қаласақ алда келе жатқан сайлауда нақты ұстаным болуы керек. Біле жүріңіз! Егер сіздің аймағыңызда «Нұр Отан» 50% дауыс жинаса әкімді ауыстыру жөнінде мәселе көтеруге болады. Егер одан аз жинаса әкімді ауыстыруды талап ете аламыз. Сондықтан ойлан Азамат!».

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

«Қандай сәйкестік десеңші. 10-шы қаңтарда батыс африкалық Бенин мемлекеті Вуду күнін тойлайды екен. «Зомби» сөзінің осы культпен тығыз байланысты екені де жасырын емес. Биыл біздің партиялық зомбилерді 2021-ші жылдың 10-шы қаңтарына дайындау үшін көрден тұрғызады, олар саяси зиратта «электоралды би» билеуі тиіс. Осыдан кейін біразын қайта жерлейді, кейбіреулерін тірі көрсету үшін опалайтын болады»

 

 

 

 

 

 

 

 

Exit mobile version