arasha.kz

Шығыс Қазақстанда тоғыз ауылды су басты (фото)

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы су тасқына байланысты жағадай біртіндеп тұрақталып келеді. Өткен түнде судың деңгейі шамамен 1 метрге дейін төмендеген. Ал бұл ауданда жалпы 9 ауыл тасқынға тап болып, 414 үй су басқан. Тек Зырян қаласының өзінде 105 үйге су кірген.

Соңғы үш тəулікте 811 адамға эвуакация жасалған. Дегенмен бүгін тұрғындардың көбі өз баспаналарына оралды. Қазір эвуакациялық орындарда 216 адам ғана қалған. Ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғандықтан барлық коммуналдық сала күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілген.

Бүгінге дейін 72 үй мен 57 ауланың суы сорылған. Құтқару жұмыстарына ТЖД-нен 244 маман жəне 56 техника, 40-тан аса су сорғызу құрылғысы сондай-ақ 4 қайық тартылған.

Құтқару жұмыстарына Шығыс Қазақстанмен қоса Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін 166 мың текше метрден астам су сорылған. Судың бірден көтерілуіне Бұқтырма өзенінде мұз кептелген. Кеше арнайы мамандар өзендегі мұзды жарған. Су деңгейінің төмендеуіне сол көп əсер еткен. Малеев пен Зубов ауылының тұсындағы кептеліп тұрған мұз кеткен.

Орынбек Асылмұратұлы

Дереккөз: zhasalash.kz

Exit mobile version