«Жусан» операциясы арқылы елге жеткізілген 12 отандастарымыздың арасында жеті бала бар. Оның екеуі жетім, деп хабарлайды Arasha.kz.
4 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық бір топ азаматты Сириядан елге қайтару операциясын өткізді.
ҚР СІМ-нен мәлім еткендей, топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала (2-еуі – жетім) болды.
«Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі», – деп хабарлайды министрлік.
Еске салайық, «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңі былтырғы ақпан айында қорытындыланған болатын.
«2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім), үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім), төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) елге жеткізілді. Осылайша, жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім)», – деген болатын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен.
Кейін, қақтығыс аймақтарынан Қазақстан азаматтарын Отанына қайтару бойынша шаралар жалғасын тапты. 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы – балалар. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын.
Дереккөз ҚазАқпарат
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024