Аптаның басында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты Өкеменнің төрт бірдей ауданында ауадағы зиянды, ластаушы заттардың шектен асып кеткені байқалған. Әсіресе ауада күкірт сутегінің мөлшері артты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД 13 наурыз күні сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырмада ІІ дәрежелі қолайсыз метеожағдай сақталатынын мәлімдеді.
Алайда, қазір облыс орталығында жел соғып тұр, сондықтан ауа сапасы жақсарады деген үміт бар.
Жоғарыда атап өткеніміздей, 11 наурыз күні де қалада қолайсыз метеожағдай болған. «Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, бұл күні Шәкәрім, Рабочий, Питерских Коммунаров, Первооктябрьский көшелерінде ауадағы зиянды, лас қалдықтар шекті деңгейден асып кеткен. Айталық: шаң, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутегі.
Питерских Коммунаров көшесінде күкіртті сутегі 1,1-ден 6,7 есеге дейін артқанын айта кетуге тиіспіз.
Дереккөз: Алтайньюс