2 қазанда «Верстка» басылымы Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымдарына байланысты Ресейде өнер көрсетуге тыйым салынған әртістердің бейресми тізімі пайда болғанын хабарлады.
Дереккөздердің хабарлауынша, тізім жарнамалық және ивенттік агенттіктерге жіберілген және оған 79 әртіс кіреді. Тізімнің кеңес беру сипаты бар екені және оның авторлары жарияланбағаны баса айтылады.
Бұл тізімге енген әншілердің арасында Гуф, Джиган, Иван Ургант, Инстасамка, Макс Корж, Тима Белорусских, Скриптонит, Анна Седокова, Jah Khalib, Сплин сияқты танымал есімдер, сондай-ақ шетелдік жұлдыздар – Бейонсе, Лана Дель Рей, Metallica бар.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль мұндай тізімдер туралы ештеңе білмейтінін айтты. Оның айтуынша, мұндай жалған тізімдер көп және олардың ресми құрылымдарға қатысы жоқ.