Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін өз қарсыластарынан да көмек сұрап жатыр. 24.kg ақпараттық агенттігі оның Оштың бұрынғы мэрі Мелис Мырзакматовпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанға 7 қазанда оралған Мырзакматов «Қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған соң елден қашып кеткен болатын. Оның айтуынша Жээнбеков «Мелис, сенің тәжірибең бар. Өз үлесіңді қос», – деп көмек сұраған екен. Мемлекет басшысы егер шақырса Алмазбек Атамбаевпен де келіссөз жүргізуге дайын екенін айтыпты. Өз еліне халықтың шақыруымен келген Оштың экс-мэрі осыған дейін Сооронбай Жээнбековтың ағасы Асылбекпен кездесіпті.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024