15-11-18 |
6310 рет қаралған
Теңге ұлттық валюта болып бекітілгеніне 25 жыл толды.
Теңге ұлттық валюта болып бекітілгеніне 25 жыл толды

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығы бойынша теңге Ұлттық валюта болып бекітіліп, айналысқа енді.

kk.wikipedia.org сайтындағы мәліметтер бойынша, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

Төл валютамыз ең алғаш шыққан кезде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі сомдалды.

Ұлттық валютамыздың айналымға енуіне байланысты 15 қараша қаржы секторы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде де атап өтіледі.

Ұлттық валютамыздың құны бүгінгі таңда: 1 АҚШ доллары – 375,9 теңге, 1 эуро – 423,56 теңге, 1 ресей рублі – 5,55 теңгені құрап отыр.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.