Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.
– Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді. Мен бүгін бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары мемлекетімізде ауқымды өзгерістер жасалуда, маңызды бастамалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
- «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
- «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
- «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
- «Kokshe» телеарнасының
шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға; - «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
- «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;
- «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
- «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
- «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.