29-12-23 |
10630 рет қаралған
Тоқаев агроөнеркәсіптің дамуына биыл ерекше басымдық берді – депутат.
Тоқаев агроөнеркәсіптің дамуына биыл ерекше басымдық берді – депутат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Республика» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров биыл Президенттің бастамасымен елдегі агроөнеркәісіп саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін айтты.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл өткен сайын агроөнеркәсіп кешінінің дамуына ерекше басымдық беріп келеді. Мәселен, 2024-2026 жылдары аралығында елімізде 1,6 трлн теңгеге 500 жоба жүзеге аспақ. Қазақстанның Еуразия аумағында аталмыш сала бойынша жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін осынау стратегиялық тапсырманы толық деңгейде жүзеге асыруы өте маңызды. Бұл расымен де өте үлкен жұмыс.

«Әрине, мұның бәрі де ең бірінші кезекте еліміздің әлеуметтік статусын жақсартуға, атап айтқанда азық-түлік қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа қарқын бермек. Біз ауылшаруашылығы туралы айтқан кезде, ғылым ісі көп ұмыт қалып жүр. Ал ғылым дамымай, бәрі бекер. Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінетінін бірнеше рет айтты. Жоғарғы оқу орындарында, колледждерде ауылшаруашылығы бағытындағы мамандықтарға басымдық беріледі. Ол дегеніңіз жаңа технология, жаңа тәжірибе, халықаралық орталықтар. Мұның бәрі де біздің студенттер үшін қолжетімді дүниеге айналады», – дейді депутат.

Тағы бір маңызды мәселе – мемлекет бұған дейін ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ісінде ірі компанияларға көп көңіл бөліп келген. Енді бұл саясат та түбегейлі өзгеріп, шағын шаруа қожалықтарының дамуы Астананың бақылауында болмақ.

«Бұл біздің ауылдардағы кәсіппен нанын тауып отырған миллиондаған тұрғын үшін аса маңызды қадам. Қалалықтар түсіне бермеуі мүмкін, алайда маңдай терін бәрінен жоғары қоятын, керек болса Үкіметтен ештеңе сұрамай келген азаматтарға енді жаңа мүмкіндіктер есігі ашылады. Ендігі кезекте осының бәрін уақыт еншісіне тапсырамыз. Әрине, осы бағыттағы жұмыстардың сәтті жүзеге асуы үшін өз үлесімізді де қосамыз», – деді Айдарбек Ходжаназаров.

Депутат сондай-ақ биыл мемлекеттің шаруалар қауымына жасаған жақсылығы туралы аз-кем айтып өтті.

«Биыл агроөнеркәсіп саласы ауыр кезеңге төтеп берді. Салмақ біздің шаруалар қауымына түсті. Судың тапшылығы, ауа-райындағы өзгерістер де көп ісімізге кедергі келтірді. “Бәйтерек” холдингі арқылы еңбек адамдарының несиелері мен қарыздарын қайтарудың мерзімі кезекті рет алға жылжытылды. Қазір қарап отырсам, осы жеңілдікке мыңнан астам тауар өндіруішінің қолы жеткен екен. Жақсы нәтиже. Шаруаларды субсидиямен қамтамасыз ету үшін тағы 90 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл енді тікелей Парламент Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен аяқталған жұмыс», – деді ол.

Президентіміздің тапсырмасы аясында Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардың өнімін сатып алуға қатысты қаншама оң қадамдар жасалған. Мәселен тікелей бидайды сатып алуға 31,3 млрд теңге бағытталған. Мұның барлығы да біздің азаматтардың 2024 жылғы егістік науқанына дайын болуы үшін қолға алынған бастамалар, деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.