Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарға КВИ-ға қарсы отандық және шетелдік препараттардан тұратын вакцина егуді тапсырды. Мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте министрге: «Қазақстан Республикасы азаматтарына вакцина егу жұмысы қалай жүргізіліп жатыр? Вакцинамен жабдықтау керек, басқа амал жоқ. Біз сақтықтың әртүрлі шараларын жасауымыз мүмкін. Бірақ ең бастысы вакцинаның көмегі арқылы коронавирус жұқтырудың алдын алу керек»,-деді. Алексей Цой болса: «Ия, бұған үлкен көңіл бөлінуде. Біз жабдықтаушылармен келіссөз жүргіздік. Ресейде тіркелген алғашқы «Спутник-5» вакцинасының кепілдендірілген көлемін жеткізу бойыша келісім жасалды. Бұған қоса, Ресейде шоғырланған АстраЗенека компаниясымен де келіссөз жасап жатырмыз. Қазір клиникалық сынақтың 1-ші 2-ші кезеңінен өтіп жатқан қазақстандық вакцинаға да ерекше назар аударылып отыр. Оған қоса елімізде вакцина шығаратын зауыт салынуда», – деді. Денсаулық сақтау министріне нақты тапсырмалар жүктеген Тоқаев өз сөзін «Вакцина егу керек, басқа жол жоқ» деп түйіндеді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024