1986 жылдың желтоқсаны лайықты бағасын алса, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашыла ма? Мұнайшылар қалашығындағы қанды оқиғаға қатысты Қазақстан билігі қашан ашық мәлімдеме жасайды? Тағы бір бағасын алмаған оқиғадағы жылаған ана мен жесір әйелді, жетім қалған қаракөздерімізді қалай жұбаттық? Жаңаөзеннің қанды қасабы кім?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ауқымды мақаласы қоғамның қызу талқысына түсті. Отандық саясаткерлер мен қоғам белсенділері мақалада көтерілген мәселелерге ойларын жарыса жазуда.
Мақалада президент қоғамда үлкен резонанс тудырып жүрген бірнеше тақырыпты көтерген.
Соның бірі-желтоқсан оқиғасы.
«1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек», -деп келтіріреді президент мақаласында.
Жаңаөзен оқиғасы ше?.. Ол да ұлт жүрегіне түскен жазылмас жараның бірі.
Биыл 1986 жылдың желтоқсан оқиғасына 35 жыл болса, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына 10 жыл. Жаңаөзен қаласында еңбек мәселесіне қатысты талап қойып, орталық алаңда бірнеше ай бойы ереуіл өткізген мұнайшыларға 16 желтоқсан күні оқ атылды. Ереуіл кезінде оннан аса адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланды. Оқиғаға бес жыл өткеннен кейін заңсыз оқ атты деген бес полиция қызметкері абақтыға қамалды. «Тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабымен жазаланғандар қатарында тұрғындар да аз болған жоқ.
Қазақ еліне «Естуші мемлекет» құруды көздейтін Тоқаев жаңа тарих бетіне Жаңаөзен оқиғасын енгізе ме?
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024