Шығыста 100-дей елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты.
Абай ауданында – 5, Аягөзде – 4, Бесқарағайда – 10, Бородулихада – 3, Глубокоеде – 10, Жармада – 5, Зайсанда – 5, Алтайда – 12, Катонқарағайда – 8, Көкпектіде – 4, Күршімде – 7, Тарбағатайда – 5, Ұланда – 6, Үржарда – 4 және Шемонаихада 6 ауыл.
Сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер сынды қалалардағы шағын елдімекендерді қосыңыз.
Солардың ішінде әсіресе 14 450 үйге зор қауіп төніп тұр. Осынша үйде 42 мыңдай адам тұрады екен.
Естеріңізде болса, наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын айтқан болатынбыз. Күн жылыса, қар еріп, өзендердің тасуы ықтимал.
Дереккөз: Алтайньюс