09-10-20 |
4410 рет қаралған
«Ү» ұрпақ келсе ұлт үшін алаңдауға негіз жоқ.
«Ү» ұрпақ келсе ұлт үшін алаңдауға негіз жоқ

Праймериз кандидаттарының 10 мыңы, яғни 30% жасы 35-ке дейінгі жастар екен. Бұл әлемде «Y» ұрпағы немесе миллениал деп аталатын буын.1981-1995 жылдардың аралығында дүниеге келген жастар есейе келе ғалам үшін маңызды рөл ойнайтын болады. Неліктен? Тақырыпты бірге талдап көрейік. Сарапшылардың пайымдауынша, миллениалдардың психологиясы ерекше жаратылған. Олар шоу бизнес өкілдері мен басқа да танымал тұлғаларға табынбайды, газет-журнал оқымайды, теледидарды сирек тамашалайды. Есесіне әлеуметтік желілерде өте белсенді, сондықтан блогерлердің көзқарасына құлақ асады. «Y» ұрпағы адамзат өміріне енген жаңашылдықты жатсынбай қабылдайды, онлайн қызметтерді белсенді пайдаланады. Интернеттегі онлайн сатып алудың тең жартысы солардың үлесінде екен. Қазақстанда қазақ және ағылшын тілдерінде жетік білетін миллениалдардың саны артып келеді. Олар әлемде не болып жатқанынан хабардар, идеологияың тілін түсінеді, меритократияны қолдайды.
«Нұр Отан» партиясы осы ұрпақтың қоғамдық іске белсене араласуына, өсіп-өркендеуіне барлық жағдай жасап отыр. Миллениалдардың бірсыпырасы саясаттың әліппесін «Жас Отан» жастар қанатында бастады. Ал, жасы 30-дан асып әртүрлі салада жетістікке жетіп үлгергендер праймеризге қатысты. Бұл науқанның жалынды жастарға елдің ісіне белсене араласуға мүмкіндік бергені сөзсіз. Ал, мәжіліс пен мәслихаттардың құрамында «Y» ұрпағы келсе ұлт үшін алаңдауға негіз жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.