29-08-18 |
3840 рет қаралған
Қыркүйектен бастап мұғалімдерден ешқандай есеп, қағаз сұралмайды.
Қыркүйектен бастап мұғалімдерден ешқандай есеп, қағаз сұралмайды

Бүгін Астанадағы орталық коммуникацмялар қызметінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018-2019 оқу жылына байланысты брифинг өткізіп, білім саласында жасалған жұмыстар, енгізілген өзгерістер туралы айтты. Министрдің айтуынша, мектептер арасындағы ҰБТ рейтингісі алынып тасталған. Осы уақытқа дейін мектеп бітірушілерді жыл бойы тек ҰБТ-ға дайындап, мектептер білімге емес, рейтинг үшін жұмыс істеуді дағдыға айналдырған еді. Министрлікке сенсек, енді мектепаралық ҰБТ рейтингісі болмайды.

Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев мұғалімдер толтыруы тиіс құжаттар тізімі де бектілгенін де жеткізді.

– Министрлік өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттардың тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек 5 құжат, одан басқа мұғалімдерден ешқандай есеп, ешқандай қағаз сұралмауы тиіс, – деді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.