Қытайдың Ұлттық мұнайгаз теңіз корпорациясы (China National Offshore Oil Corporation, CNOOC) Қытайдың Солтүстік-шығысындағы Бохай бассейнінде алып мұнай мен газ қорын тапты. Бұл туралы China Daily хабарлайды.
Осы жерде табылған газ қоры 100 миллиард текшеметр жерді алып жатыр. Бұл осы аймақта соңғы жарты ғасырда алғаш табылған ірі кен орны. «Миллиондаған адам осы кен орнынан жүз жыл бойы газ өндіре алады», – деп жазыпты басылым.
Бохай кен орны Қытайдағы ең ірі кеніштердің бірі. Бұл жерде Қытайға тиесілі мұнайдың 40% өндіріледі.
Қытай мұнай қоры бойынша әлемде 13 орынды иеленеді.