arasha.kz

Қытайдағы «I’m a singer» байқауына қазақтың жиені қатысып жатыр

2017 жылы жерлесіміз Димаш Құдайберген қатысып, әлемге танылған Қытайдағы «I’m a singer» байқауына анасы қазақ, Ресейде туған, болғар азаматы Кристиан Костов қатысып жатыр. Ол туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында хабарлапты.

Кристиан 2017 жылы Киевте өткен «Евровидение» байқауында екінші орын алған талантты әнші.  «Евровидениеде» ол Болгарияның атынан шықса,  «I’m a singer» байқауына Ресейдің атынан қатысады екен. Жас әнші бала кезінен түрлі байқауларға қатысып, өзінің әншілік қырын жан-жақты көрсетіп келеді.

Кристиан Костов 2000 жылы Мәскеуде туған. Анасы Зәуре – қазақ, әкесі Константин -болғар. Қазіргі уақытта Кристиан Болгария мен Ресей елдерінің атынан көптеген ән байқауларына қатысып жүрген әнші.

Кристиан Костов отбасымен. сурт nur.kz алынды

 

Exit mobile version