26-01-19 |
10260 рет қаралған
Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?.
Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттану байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанудың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.

Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.

Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.

· Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;

· Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;

· Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.

Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтықққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады. 

Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.

Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.

Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше-науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.

Ата-аналардың қаперіне:

– балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;

– қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.

Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз ауырған жағдайда:

катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;

 – ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;

– дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;

 – жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу;

– тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану – өзін өзі емдемеу қажет!

Қызылшаның алдын алу жолдары:

Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.

Қызылша ауруына байланысты туындайтын барлық сұрақтар бойынша мамандардан кеңес алатын облыс орталықтарындағы Call-орталықтар тізімі

1

Астана қ.

бірыңғай Саll-орталық: 109

Балалар инфекциялық ауруханасындағы Саll-орталық: 8 /7172/ 70-84-95

2

Алматы қ.

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7272/ 2744519

Орталық қалалық ауруханасындағы Саll-орталық: 8 /7273/ 00-01-03

Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасындағы Саll-орталық: 8 /7272/ 75-60-95

3

Шымкент қ.

Саll-орталық қалалық диагностикалық орталықтың базасында: 8 /7252/ 39-33-47

4

Ақмола болысы

Тәулік бойы жұмыс істейтін call-ортлық: 8-800-08-06-481

5

Алматы облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық : 8 728 2 411212

6

Түркістан облысы

Облыстық клиникалық ауруханадағы Саll-орталық: 8-7252-39-31-60

7

ШҚО

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7232/ 701131

8

Ақтөбе облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7132/ 907070

ҚДКС-дағы Саll-орталық : 8 /7132/ 557725

9

Жамбыл облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7234/ 55-51-60

10

Павлодар облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7182/ 66-24-99

ҚДКС-дағы Саll-орталық : 8 /7182/ 55-38-30

11

БҚО

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7112/ 24-00-06.

Жедел жәрдем станциясындағы Саll-орталық: 8/7112/ 51-82-55

12

Қызылорда облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8/7242/40-00-01

13

СҚО

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8-8000-0808-103

14

Атырау облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7122/ 98-02-92, 8-701-487-66-68,

8-778-00-70-21

15

Қостанай облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7142/ 26-72-03; 26-53-82

16

Қарағанды облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7212/ 95-55-59

17

Маңғыстау облысы

ДСБ -дағы Саll-орталық: 8 /7292/ 30-30-60

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.