Біз
әлеуметтік
желіде
05-04-25 |
190 рет қаралған
Заң ғылымындағы жаңа көкжиектер: ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті.
Заң ғылымындағы жаңа көкжиектер: ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті

2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Фараби әлемі» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция өз жалауын көтерді. Биылғы шара заң факультетінің 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, «Криминалистика және сот сараптамасының өзекті мәселелері» бағытында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Конференцияның басты ұйымдастырушысы — Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы. Шараның өткізілуі Қазақстанның ғана емес, шетелдік ғылыми қауымдастықтың да назарын аудартты. Онлайн және оффлайн форматта өткен жиынға Қазақстан мен Қырғызстанның жетекші университеттері белсенді қатысып, құқық саласындағы жас ғалымдар мен студенттер үшін тәжірибе алмасудың таптырмас алаңына айналды. Қатысушылар қатарында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Тұран университеті, Қонаев университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Санкт-Петербург кәсіподақтар университетінің Алматы филиалы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі сияқты білім ордаларының студенттері, магистранттары мен докторанттары болды. Барлығы 65 ғылыми баяндама тыңдалып, үздік жұмыстар марапатқа ие болды.

Кәсіби сараптаманың әділ төрешілері ретінде тәжірибелі ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Әділқазылар алқасының төрағасы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор К.А. Аратұлы. мүшелері: з.ғ.к., қауымдастырылған профессор  Балашов Т.Т., з.ғ.к., аға оқытушы Темірболат Н.С., аға оқытушы Шопабаев Б.А және хатшы аға оқытшушы С.Ш. Үркүмбай.

Бас жүлде — I дәрежелі дипломды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистрантыА.М. Әбдімәлік «Сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың құқықтық негіздері» атты зерттеуі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды ғылыми жетекшісі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор  К.А. Аратұл. Екінші дәрежелі дипломды екі қатысушы зерттеу тақырыптарындағы тың идеялар үшін табысталды:  Туран университетінің 3 курс студенті  А.Ә Мурат. «Сoт қoлжазбатану криминалиcтикалық техниканың бір cалаcы»  ғылыми жетекшісі: сениор-лекторы А.С.  Тулебаева және  Қонаев университетінің 3 курс студенті З.Р: Сиражева «Электронные документы  как  объекты экспертного  исследования» ғылыми жетекшісі: з.ғ.к., қауымдастырылған профессор  С.П. Вареникова. Үшінші дәрежелі дипломды төрт студент иеленді: Санкт-Петербург кәсіподақтар университеті Алматы филиалының 2 курс студенттері: Д.Ишалеев, Т. Ташметова «Проблемы раскрытия кибермошенничества» ғылыми жетекшісі: з.ғ.д., профессор А.А Аубакирова,  Қонаев университетінің 3 курс студенті А. Смаилхан «Қылмыскердің тұлғасын зерттеудің құқықтық сипаттамасы» ғылыми жетекшісі: аға оқытушы С.М. Мадыхан, және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжінің  2 курс студенті Р.Ш.  Насриаджиев «Роль судебной экспертизы в уголовном  процессе Республики Казахстан и опыт других государств»  ғылыми жетекшісі оқытушы С.Ж.Кабулова. 

Сонымен қатар, ғылыми белсенділігімен көзге түскен 10 студент арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Бұл — олардың болашақтағы кәсіби жетістіктерінің бастауы: Туран университетінің 3 курс студентері: Абжалелова А.,  Ерланқызы А, Құттымұрат А.Е., Сапарбай Н.Қ, Туран университетінің 4 курс студенті  Айсағалиаева  А., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің   6В04246 Құқықтану (Қылмыстық-құқықтық)  БББ-ның  3 курс, Ю-22-3 оқу тобының студенті Анапия  Ж., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 6В04246 Құқықтану (Қылмыстық-құқықтық)  БББ-ның   4 курс, Ю-21-5 оқу тобының студенті  Мұрат Ә.,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің  4 курс студенті Кенжекова А. Р.,  Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Заң факультетінің 4-ші курс студенті Киікбай Б.С. және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 2 курс студенті Зирек З.

 «Фараби әлемі» конференциясы тек ғылыми пікірталас қана емес, сонымен қатар, кәсіби байланыс орнатуға, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға жол ашатын бірегей платформа. Бұл шара тұрақты даму мақсаттарының бірі инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытын ілгерілетуге нақты үлес қосып отыр.

Конференция шеңберінде қатысушылар академиялық ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық тәжірибе мен инновациялық тәсілдер бойынша білім алмасты. Шараның халықаралық сипаты — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құқық саласындағы ғылыми әлеуетінің биік деңгейін көрсетеді.

Бүгінгі студент – ертеңгі білікті заңгер. Ал ҚазҰУ — сол мамандарды даярлайтын мықты университтердің алды . Осындай ғылыми конференциялады өткізу арқылы университет құқық саласындағы заманауи мәселелерді шешуге атсалысып қана қоймай, болашақ заңгерлердің кәсіби және ғылыми өсуіне жол ашады.

Заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушы С.Ш.Үркүмбай

Криминалистикалық сараптамалар 7M04220 БББ-ның

1 Курс магистранты Абдуалиева А.Б.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.