10-11-20 |
1360 рет қаралған
Әзербайжан Ресейдің тікұшағын атып түсірді.
Әзербайжан Ресейдің тікұшағын атып түсірді

Әзербайжан Арменияның әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан Ресейдің Ми-24 тікұшағын атып түсірді. Оқиға кезінде экипаждың екі мүшесі қаза болып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған centralasian.org сайты хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ Армениядағы Ресейдің әскери базасына бара жатқан. Әзербайжан тарабы осы оқиғадан кейін Ресейден шұғыл түрде кешірім сұрап, тікұшақтың байқаусызда атылғанын және өтемақы төлейтінін мәлімдеді. «Тікұшақ Армения мен Әзербайжанның мемлекеттік шекарасына өте жақын ұшып бара жатты. Ол жерде соғыс жүріп жатқаны белгілі. Бұған қоса жер бауырлап ұшқандықтан техниканы радар көре алмады. Осыған дейін бұл аймақта Ресейдің тікұшақтары байқалған емес», – деді Әзербайжанның қорғаныс министрлігінің өкілдері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.