14-01-19 |
8960 рет қаралған
Жайықта 50 тоннадан аса балық қырылып қалды.
Жайықта 50 тоннадан аса балық қырылып қалды

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. «АЖ» тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді.

Нариман Жүнісов
Нариман Жүнісов

– Бұрынғыша жаңалық жоқ, – деп күрсінді Жүнісов. – Жайық-Атырау бекіре балығы зауытында, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-де, негізінен Жайық өзенінің арнасы мен Перетаска каналында 50,6 тонна өлі қара балық пен бекіре тұқымдас балық жиналды. Өзен суына жасалған зертханалық сынама нәтижесі хлоридтер концентрациясының артқанын, ал өлі балықтан аммиактың іздерін анықтады. Қозғалған екі қылмыстық іс аясында полиция зерттеу жүргізіп жатыр. Мұның өзеннің улануынан болғаны түсінікті, бірақ бұл у қайдан келген және кім кінәлі, әзірге анықталған жоқ.

– Комитет атыраулық балық қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтей ме?

– Кінәлілер анықталады – зиян солардан талап етіледі. Бастысы – балықтың қырылуы тоқтатылды. Қазір негізгі зиян мөлшері анықталып жатыр.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

– Сіз ұзақ жылдар бойы осы комитетте жұмыс істеп келесіз. Басқа өңірлерде осындай жағдайлар болды ма?

– Мұндай ауқымда болған емес. Оттегі жетпеуден қырылу болды, бірақ тікелей улануға қатысты болғаны есімде жоқ.

– Бәлкім, осындай ауқымды экологиялық апатты тергеумен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысқан жөн шығар?

– Мен бұған комментарий бере алмаймын. Балықтың қырылуы баспасөз бетінде кеңінен жариялануда. Егер ҰҚК бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр деп санаса, мүмкін тергеуге қатысатын шығар. Бәлкім, олар бақылау жасап, бізге белгісіз шаралар жүргізіп жатқан болар.

– Мүмкін зерттеу жұмыстарына басқа, балама зертханаларды тартқан жөн шығар?

– Біз осы қылмыстық істі тергеу шеңберінде көптеп ғалымдарды, Алматыдағы тәуелсіз зертханаларды тарттық. Ветеринарлар барлық деңгейде зертханалық зерттеулер жүргізді. Біреулер әлденені бүгіп отыр деп ойламаймын.  Атыраудағы ахуалды айқындау үшін дүйсенбі күні комитетіміздің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ барады. Балықтың қырылуы бізге тікелей бағынатын кәсіпорын – Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытында да болып отыр. Біз толықтырушы-аналық үйірді қалыптастыруға бірнеше жыл жұмыстандық. Бекіре аналықтары жақын арада уылдырық беруі тиіс еді…

Дереккөз: АқЖайық Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.