29-08-21 |
710 рет қаралған
Жамбылда жойылуға тиіс снарядтар мейрамхана ауласында үйіліп жатыр.
Жамбылда жойылуға тиіс снарядтар мейрамхана ауласында үйіліп жатыр

Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталығы – Сарыкемер ауылындағы жағдай елді шошытты. Ауылдағы мейрамхана ауласында тау боп үйілген снарядқа ұқсас темір заттар шашылып жатыр. Жеке аумаққа әскери оқ-дәрі қалдықтарының не үшін әкелінгені және қандай мақсатта жиналғаны түсініксіз.

Сарыкемер жарылыс болған әскери қоймаға жақын орналасқан. Оқиға орнынан тікелей эфир түсірген AIBAT тілші мән-жайды анықтауға тырысты. 

Снарядқа ұқсас темір зат мейрамхана ауласында қайдан пайда болды? Ол кімге тиесілі? Қаупі қандай?

Мейрамхана қожайыны ауладағы қару қалдықтарының зиянсыз екенін айтады. Ал өздерін көрсетуден бас тартқан ауыл тұрғындары оқ-дәрі қалдықтарынан тиын-тебен көріп жүргендердің бар екенін айтады.

Қызығы, жеке аумақта таудай болып үйіліп жатқан снаряд қалдықтары туралы облыстық полиция қызметі де хабардар. Олар суық қару бөлшектері қауіпсіз деп сендіреді.

«Аталған заттар туралы ақпарат 2021 жылдың 1 маусымында Байзақ ауданының полиция бөлiмiнде тiркелген. Сондай-ақ полиция және аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерiмен арнайы мамандардың қатысуы арқылы тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесiнде, бұл снарядқа ұқсас заттардың қалдықтары атуға немесе жарақат келтіруге жарамсыз екендігі және олардың Арыс қаласынан жоюға (утилизация) әкелінгені анықталып, тиісті құжаттары толығымен расталды. Бұл дерекке қатысты қылмыс құрамы орын алмаған. Аталған қалдық заттардың қоғамда ешқандай қаупі жоқ екендігін xабарлаймыз»,- деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаменті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.