15-10-20 |
1550 рет қаралған
Жапаров Жээнбековтен билікті күшпен тартып алды ма?.
Жапаров Жээнбековтен билікті күшпен тартып алды ма?

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Феликс Кулов президент Сооронбай Жээнбековты отставкаға кетуге мәжбүрлеген деп санайды. Бұл жайында ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Куловтың айтуынша, Жээнбеков бүгін Отынбаева, Текебаев сияқты елдің белді саясаткерлерімен кеңес өткізген. Мемлекет басшысына іле-шала Садыр Жапаров пен Қамшы Ташиев кірген. Осыдан кейін аяқ астынан отставка жөніндегі үндеу шыққан көрінеді.
«Президент аяқ астынан көзқарасын өзгертіп, отставкаға кетеді. Бұл жерде бір ғана тұжырым жасауға болады. Белгісіз күштер билікті күшпен тартып алмақ болып, президентке не отставкаға кетесің, не соғысамыз деп талап қойған» – дейді Феликс Кулов

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.