Бүгін Алматының белсенді жастары АҚШ-тың Бас консулдығына жиналып, «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты наразылықтарын білдірді. Олар қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, тіліне, діліне, бабалар өсиет етіп қалдырған салт-дәстүріне нұсқан келтіретін фильмнің көрсетілімін тоқтатуды талап етті. «Біз Қазақстанның патриот жастары ретінде Саша Барон Коэн түсірген «Борат-2» фильмінің жарыққа шықпауын талап етеміз. Ұлтымызға кері әсерін тигізетін, қазақ халқының намысына, еліміздің абыройына нұсқан келтіретін фактіге қарсы шешуші әрекеттер жасау керек деп санаймыз», – деді жастар. Осыдан кейін белсенді топ АҚШ-тың Бас консулдығына наразылық петициясын табыстады.
Видео youtube-тағы TENGRI TV арнасынан алынды
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024