Димаш Құдайбергенге дауыс беруге байланысты желіде тараған ақпарат туралы әншінің өзі инстаграм парақшасында пікір білдірді.
Димаштың жазуынша, Американың әлде бір сайты оқырмандарынан сұрау жүргізген, оның ішінде Димаштың өзіне қатысты да сұрақтар бар көрінеді. Бірақ мұның конкурстар, марапаттар мен телевизиялық жобаларға еш қатысы жоқ екенін әнші мәлімдеп, тыңдармандарына өзіне даыс бергендері үшін рахмет айтқан.