arasha.kz

Димаш Құдайбергенге дауыс беру туралы тараған ақпаратқа әншінің өзі пікір білдірді

Фото: Тамара Гаева/facebook.com

Фото: Тамара Гаева/facebook.com

Димаш Құдайбергенге дауыс беруге байланысты желіде тараған ақпарат туралы әншінің өзі инстаграм парақшасында пікір білдірді.

Димаштың жазуынша, Американың әлде бір сайты оқырмандарынан сұрау жүргізген, оның ішінде Димаштың өзіне қатысты да сұрақтар бар көрінеді. Бірақ мұның конкурстар, марапаттар мен телевизиялық жобаларға еш қатысы жоқ екенін әнші мәлімдеп, тыңдармандарына өзіне даыс бергендері үшін рахмет айтқан.

Еске салсақ, «The Best Singers of All Time» конкурсында танымал өнерпаздарға дауыс беру жүргізіліп, дауыс беру аяқталуға екі сағаттай уақыт қалғанда рейтингтің екінші сатысында тұрған Димаш бірден 369 сатысына түсіп қалған. Бұған ашуланған Димаштың фанаттары өздерінің наразылықтарын білдірген болатын.

Exit mobile version