Маңғышлақтан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында газ баллоны жарылды. Жүк вагонынан өрт шығып, бес адамның, соның ішінде бір баланың денесін күйік шалды. Төтенше жағдай Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының аумағында орналасқан №464 разъезд маңында болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Өрттің таралуына жол бермеу үшін багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде бір баланың денесін түрлі дәрежедегі күйік шалды. Зардап шеккендер жүк вагонында болған. Олар Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», — деді ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Мамандар өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонның жарылуы себеп болды деп отыр. Жолаушылар пойызы бүгін таңертең Ақтөбе станциясына жіберілді.
14-12-20 |
2500 рет қаралған
Жолаушылар пойызында газ баллоны жарылып 5 адам зардап шекті.

Соңғы мақалалар.
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
- 26.06.2025
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.