28-02-19 |
1660 рет қаралған
Жыл басынан бері жеке тұлғалардың депозиттері азаюда.
Жыл басынан бері жеке тұлғалардың депозиттері азаюда

2019 жылдың басынан бері жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 1,5% , яғни 8,5 трлн теңгеге дейін төмендеп кеткен, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасаөз қызметі.

«Депозиттік ұйымдардағы резиденттің депозиті көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңына 19 242,1 млрд теңгені құраған, ол алдыңғы аймен салыстырғанда  3,7% өскен. Ал заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі 8,3%, 10 717,4 млрд теңгеге өсті, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%, яғни 8 524,7 млрд теңге кеміді», – делінген хабарламада.

Ұлттық Банктің ақпараты бойынша 2019 жылғы қаңтар айының соңында долларландыру деңгейі 44,4% – ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда-48,4%). Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі есепті кезеңде 10 трлн 706,2 млрд теңгеге дейін 11,9% – ға ұлғайды, шетел валютасымен 8 трлн 535,9 млрд теңгеге дейін 5% – ға төмендеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.