06-02-20 | 11:06
БДСҰ: коронавирусқа қарсы дәрілердің әсері жоқ.
БДСҰ: коронавирусқа қарсы дәрілердің әсері жоқ

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV коронавирусын жеңе алатын дәрі шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.

DW жазуынша: «2019-nCoV коронавирусына қарсы тиімді емдеу құралы әлі жоқ», — деп мәлімдеді БДСҰ баспасөз хатшысы Тарик Ясаревич Қытайдағы Чжэцзян университетінде жасап шығарылған дәрілер мен Британ ғалымдарының зерттеуіне қатысты  ақпаратқа пікір білдіру кезінде.

Аталған ұйымның төтенше бағдарламалар бойынша атқарушы директоры Майк Райанның мәлімдеуінше, ауырғандарға қосымша дем беру әдісін қосатын емдеу шаралары жүргізілген жөн (респираторлы көмек). Дәрігер уақытылы дұрыс көмек көрсетілсе тіпті ауыр халдегі адамдар да айығып кетеді.

6 ақпанда Уханда өткен конференцияда жаңадан шыққан коронавирусқа шалдыққандардың алғашқы тобы ремдесивир вирусқа қарсы препоратын қолдана бастайтыны айтылды, деп хабарлайды Xinhua.Net.

6 ақпанға мәліметтер бойынша 2019-nCoV коронавирусына шалдыққандар саны  — 23865, бір тәулікте +4022 адам.
Қайтыс болғандар — 492 адам, оның ішінде бір тәулікте +66 кісі (2 адам Қытай териториясынан тыс жерде).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.