17-06-20 | 13:10
Бейжиңдегі коронавирус Уханьда шыққан вирустан да жұқпалы болуы мүмкін.
Бейжиңдегі коронавирус Уханьда шыққан вирустан да жұқпалы болуы мүмкін

фото:news.cgtn.com

Қытай астанасы Бейжиң қаласындағы «Синьфади» деп аталатын үлкен көтерме базардан эпидемиологиялық зерттеу кезінде жаңа коронавирус табылған. Бұл базар ет және балық сататын орын. Қытай билігі сенбі күні базарды жауып, Бейжиң қаласының Фэнтай ауданындағы 11 кварталында оқшаулау шаралары енгізілген. Жексенбі күні қалада 76 499 адамнан анализ алынып, 59 адамнан жаңа коронавирус анықталған. 79 адам коронавируспен ауруханада жатса, екі адам ауыр халде көрінеді.

Ухань университеті медицина бөлімінің вирусология институтының профессоры Ян Чжаньцю: “«Синьфади» базар табылған коронавирус Уханьдағы «Хуанань» базарынан шыққан коронавирустан әлдеқайда жұқпалы” депті.

Қытай билігі Бейжиңдегі коронавирустің жаңа толқынына қатысты шектеулер енгізіп, екі халықаралық әуежайда 1255 рейсті тоқатып, компанияларға жұмысшыларын 14 күндік карантинге жіберуді талап етуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk