24-09-21 |
Бекболат Тілеухан өзін масқараламайтын әйелдерімен мақтанды.
Бекболат Тілеухан өзін масқараламайтын әйелдерімен мақтанды

Бірнеше некесі туралы пікір білдірген Бекболат Тілеухан үш әйелі бар екенін алғаш рет ел алдында айтты. Депутаттың айтуынша, ел алдында масқара болмай жүруіне иманды әйелдерінің үлесі зор. Бұл туралы Тілеухан Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында баяндады.

«Ол қызғаныш кетпейді. Өтірік мақтанудың қажеті жоқ. Ең бастысы, мен оларды сүйемін. Олар да мені жек көрмесе керек. Балалардың әкесімін ғой. Бірақ оларды тату-тәтті ұстаймын, олар қызғанбайды деген нәрсе болуы мүмкін емес.

Өйткені адамзаттың эталоны, идеалы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері бірінен бірі қызғанған. Оның қасында кешегі Кеңес үкіметінен шыққан қыздар қызғанбайды, мінсіз болады деудің өзі қисынсыз болады», – дейді Тілеухан.

Депутаттың үш некеден бүгінде 14 баласы бар. 

«Бөрі арығын білдірмес» дейді. Менің тағдырым болған соң, мақтанатын да нәрсе емес. Құдайдың берген нәрсесі. Бірақ бір нәрсені білемін, менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ. Тілеухан әулеті зиян көрген жоқ. 

Аллаға шүкір, ол менің еңбегім емес, оларға Құдайдың берген санасы, иманы шығар, жылт-жылт етіп, Instagram-ға шығып жатса, масқараның көкесі сонда болар еді! Мен тыйған жоқпын, өздерінің иманы тыйды. Әйелді ері сақтамайды, ары мен иманы сақтайды.

Алла Тағаланың маған жасаған шексіз рақымы сол, иманды әйелдер берді», – деді Бекболат Тілеухан. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.