11-09-20 | 15:21
Бекболат Тілеухан ҰҚК, ІІМ-не шағым түсірді (видео).
Бекболат Тілеухан ҰҚК, ІІМ-не шағым түсірді (видео)

Мәжіліс депутаты, әнші Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде өзіне жала жабылған видео тарап жатқанын айтып, видеоға қатысты ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігіне шағым түсіргенін жазды.

“Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді.

Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші – видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім.
Сондай-ақ, осы жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрадым” деп жазады депутат.
фото: видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр.Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың…

Опубліковано Bekbolat Tleuhan Четвер, 10 вересня 2020 р.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.