25-04-20 | 17:40
Бекшин: Алматыда коронавирустың таралуы азайып келеді.
Бекшин: Алматыда коронавирустың таралуы азайып келеді

фото: ОКҚ

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуы азайып келеді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

«Қазір Алматыда 793 коронавирус жұқтырған жағдай тіркелді. 90 адам айықты. Кеше 31 жағдай анықталды. Сөйтіп күнделікті өсім 4 пайыз болды. Аптаның басында бір тәуліктегі өсім 15,6 пайызды болған еді. Осылайша ауырғандар саны азайып келеді» деді Бекшин.

Бекшиннің сөзінше, 14 жасқа дейінгі 40 балаға инфекция жұққан. Сондықтан қаланың бас санитары ата-аналарға балаларын бақылауға алуға шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.