18-09-20 | 12:16
Беларусь Польша мен Литва шекарасын жабады (видео).
Беларусь Польша мен Литва шекарасын жабады (видео)

«Беларусь билігі Польша мен Литвамен шектесетін шекарасын жауып, Украина шебіндегі күзетті күшейтеді». “За Беларусь” әйелдер форумында президент Александр Лукашенко осылай деп мәлімдеді. Алайда, Польша шекарашылары штаттық режимде жұмыс істеп жатқандықтарын айтты. «Біздің бекеттерде азаматтар мен көлік құралдарын өткізу штаттық режимде жүріп жатыр. Беларусь жақта не болып жатқанын білмейміз», – дейді Польша шекара күзетінің өкілі. LRT радиосына сұхбат берген Литваның ішкі істер министрі Рита Тамашюнене де дәл осындай мәлімдеме жасады. Ал, Лукашенко болса «Мен Ресей президенті және оның қорғаныс министрімен бірлесіп, одақтас елдердің шебін бекітуге мәжбүрмін», – деді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk