11-08-22 |
Бердібек Сапарбаев қаңтар оқиғасына қатысты ойын айтты.
Бердібек Сапарбаев қаңтар оқиғасына қатысты ойын айтты

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев Қаңтар оқиғасы болғанда алдымен елдің болашағын ойлағанын айтты.

Baq.kz агенттігінің мәліметінше, қоғам қайраткері қаңтар оқиғасынын сабақ алуымыз керек дейді. Сонымен қатар ол елімізді әлемге өнеге ретінде көрсетіп жүріп, ондай жағдай болады деп ойламағанын жеткізді.

«Қаңтар оқиғасы кезінде бастысы елімізде тезірек тыныштық орнаса екен, адам шығыны болмаса екен деп тіледім. Жамбыл өңірінде жұмыс істеп жатқандықтан маған алдымен керегі президенттің тапсырмасы болды. Ол Жамбыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқиға кезінде өзімнің тәжірибем мен күшімді іске қостым, әріптестеріммен, әсіресе құқық қорғау органдары, прокуратура, әскер бар солармен бірігіп, халықты тыныштандыру, тұрақтандыру болды. Екі күнде соның бәрін орнаттық, өкінішке қарай адам шығыны болды. Барлық мүмкіндікті пайдаланып, адам шығыны болған отбасыларға қолдан келген көмегімізді жасадық. Біз енді осы оқиғадан тиісті нәтиже шығарып, сабақ алуымыз керек. Қандай кемшіліктер жібердік, соны ескеруіміз керек»,-деді Сапарбаев.

Сонымен қатар ол бәрінен де ел Тәуелсіздігі жоғары тұру керектігін айтты.

«Барығымыз Тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз керек. Ол үшін бәріміз бірігуіміз қажет. Мемлекет басшысының қазір жүргізіп отырған саясатын қолдауымыз керек. Бізге бөлінуге болмайды, ол еш уақытта жақсылыққа апармайды»,-деді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk