15-11-19 | 14:24
“Билік Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовке көше беруі тиіс”.
“Билік Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовке көше беруі тиіс”

фото: Асылхан Әбдірайымұлы

Нұр-Сұлтанда Фариза апамызға бір көшенің аты беріліпті, сәл ертерек Әбіш ағаға Алматыда бір көше бұйырған. Қазақ әдебиетінің шынары мен бәйтерегіне деген құрмет. Одан арыда көзі тірі кісіге де даңғыл сыйға тартқанбыз. Ал, халық Алтынбек пен Заманбекке көшенің атын сұрағанда Ономастика комиссиялары “Қайтыс болған уақытынан бес жыл өткенде ғана көше аты беріледі” деп жауап беріп жатты. Енді ше? Бес жыл өтті ғой. Бес емес, он бес жылға жақындады. Халық сөзін тыңдайтын билік халық сөзін жүре тыңдамаса, Заманбек пен Алтынбекке де көше атын беруі керек.

Болат Мүрсәлім, журналист

Жазба автордың фейсбук парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.