Фото:bilim-all.kz
18,5 мың оқушы және 24 мың мұғалімнің өз компьютері жоқ деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхан Аймағмбетов.
«Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар мектептерге компьютер техникаларын сатып алумен белсенді айналысып жатыр. Жалпы алғанда жетіспеушілік бар екенін айта кету керек. Бүгінгі күні 18,5 мың оқушы мен 24 мың педагогта өз персоналды компьютері жоқ», – деп хабарлайды Аймағмбетов сейсенбіде өткен үкімет отырысында.
Оның сөзінше 1 қыркүйекке дейін аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 500 мың бала компьютермен қамтамасыз етіледі. Ал өз компьютері жоқ педагогтардың мәселесін мектеп компьютерін қолдануға беру арқылы шешпек.