
Тамызда өтетін ақылы негізде ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.
«Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биыл және былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады», – делінген ақпаратта.
Оқуға түсу үшін шектік балл ретінде әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.
Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025