arasha.kz

ҰБТ-ға дайындық басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталғанын хабарлады.

Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар  білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

«Министрлік тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп екінші жыл өткізіп отыр.

Өткен жылы 376 сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінің мектеп түлектері қатысты. Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика, химия, биология, физика, география және басқа да пәндер бойынша дайындықтан өтті. Биыл өткен жылмен салыстырғанда түлектерді қабылдау емтихандарына дайындауға қатысып жатқан білім беру орталықтары мен онлайн-платформалар саны артты. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», — деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Осылайша, Ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады. 

Тегін онлайн сабақтар мына кесте бойынша өткізіледі: 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.

Exit mobile version