arasha.kz

А.Мамин: Педагог жалақысы 330 мың теңгеден асатын болады

Мәжіліс отырысына қатысқан ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ұстаз жалақысы екі жылдан кейін екі есеге өсетінін айтты.

«Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 % өседі», – деді Мамин.

Елімізде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 % қамтылады.

Бұдан бөлек, 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады.

2025 жылы ауыл мектептері интернетке қосылады, сондай-ақ компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет басқа жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Exit mobile version